0:00 / 0:00
Псалом 35

1 Соңы. Давид Құдайдың боз баласы.

2 Қаныпезер өз-өзімен күнә туралы айтатын болады: оның көз алдында Құдайдан қорқыныш жоқ.

3 Ол өз заңсыздығын таптым және жек көрдім деп ойлап, өз алдында қулық жасады.

4 Оның аузынан шыққан сөздер – заңсыздық пен жағымсыздық: ол жақсылық жасауды үйренгісі келмеді.

5 Заңсыздық туралы өз төсегінде ойластырды, қандай болмасын жаман жолда тұрды және жамандықты жиіркенген жоқ.

6 Тәңірім! Аспанда Сенің мейірімділігің, ал Сенің ақиқатың бұлтқа дейін жетеді.

7 Сенің ақиқатың — Құдайдың таулары сияқты, Сенің тағдырың — ұлы тұңғиық: сен адамдар мен малды құтқарасың, Тәңірім!

8 Құдайым, Сен қалай мейірімділігіңді көбейттің! Сенің қанаттарының астындағы адам ұлдары сенімді болады:

9 Олар Сенің үйіңдегі майға тойып алады және оларға Өз тәтті ағыныңнан ішкізесін.

10 Себебі Сенде өмір көзі бар, Сенің жарығыңнан біз жарық көреміз.

11 Сені білетіндерге және Сенің ақиқатыңды оң жүрегіне қоятындарға өз мейірімділігіңді ұзарт.

12  Мақтаныштың аяғы мен күнәкардың қолы маған жақындамасын, мені әлсіретпесін!

13 Онда заңсыздық жасағандардың бәрі құлады, азған және тұра алмайды.