0:00
0:00

Мәртебелі мейрамдар

34. Давидтің псаломы

0:00 / 0:00
34. Давидтің псаломы

1 Мені ренжітендерді, Тәңірім, сотта және менімен күресетіндермен күресіп жең.

2 Қару мен қалқанды алып, маған көмекке кел.

3 Қылышты жалаңаштап, менің қудалаушыларыма тосқауыл бол, менің жаныма былай деп айт: Мен — сенің құтқарушыңмын.

4 Менің жанымды іздейтіндер ұялсын және қарабет болсын, маған жамандық тілейтіндер кейін бұрылсын және қарабет болсын.

5 Жел алдындағы күл сияқты болсын және Тәңіріміздің Періштесі олардың қуып шықсын.

6 Олардың жолы қараңғы және тайғақ болсын, Тәңіріміздің періштесі оларды артынан қусын.

7 Өйткені олар (менің) кінәсіз мен үшін зиянды тұзақты жасырды, менің жанымды босқа балағаттады.

8 Ол білмейтін торға және ол жасырған тұзаққа түссін, оны ұстап алсын және сол тұзаққа өзі құласын.

9  Менің жаным Тәңірім туралы ойланып қуанады, Оның құтқарылуы туралы ойланып шаттанады.

10 Менің барлық сүйектерім: Тәңірім, Тәңірім! деп айтады. Кім Сен сияқты әлсізді мықтылардың қолдарынан құтқарады, кім кедейді және жұпыны адамды қарақшыдан құтқарады?

11 Әділетсіз куәгерлер маған бүлік шығарды, мен білмеген нәрселер туралы сұрады.

12 Олар менің жаныма жақсылық үшін жамандықпен және жансыздықпен жауап берді,

13 мен болсам, олар маған қысым көрсеткенде, шапан киіп алдым және менің жанымды оразамен көндірдім, ал менің дұғам менің қойнауыма оралды.

14 Мен жақыныма, біздің ағамызға сияқты жарамсақтандым; жылаған және қайғыланғандар сияқты мен көндім.

15 Олар маған қарсы көңілмен жиналды, маған (жаралайтындар) жиналды, мен (болсам) білмедім, бөліндік, бірақ жұмсартылмадық:

16 Олар мені азғырды, мені мазақ етті, маған қарсы тістерін шықырлатты.

17 Тәңірім! Сен қашан (мұны) көресің? Менің жанымды олардың зұлымдығынан құтқар, арыстандардан менің біртуғанымды құтқар.

18 Мен Сені көп адам жиналған жерлерде даңқты етемін, көптеген адамдар арасында мадақтайтын боламын.

19 Маған қарсы әділсіз қарсыластар менің үстімнен тойламасын, мені жеккөретіндер және көздерін қысатындар бос тойламасын.

20 Өйткені маған олар бейбітшіл деп айтты, бірақ ашуланғанда зұлымдық туралы ойластырды.

21 Олар маған ауыздарын айқара ашты және былай деді: «біздің көзіміз жақсы, жақсы көрді!”

22 Сен көрдің бе, Тәңірім, үндемей қалма. Тәңірім, менен бас тартпа!

23 Көтеріл, Тәңірім, менің сотымды тыңда, менің дауымды Құдайым және Тәңірім жете ұғын.

24 Тәңірім, мен Өз ақиқатың бойынша сотта.

Тәңірім, Құдайым! Олар мені жеңіп тойламасын.

25 Өз жүректерінде былай деп айтпасын: «жақсы, біздің жанымызға жақсы!” Олар былай деп айтпасын: «біз оны жұтып алдық!”

26 Менің бақытсыздығыма қуанғандардың барлығы ұялсын және қарабет болсын; маған ұлылық жасағандар ұялсын және масқара болсын.

27 Менің әділдігімді қалайтындар қуансын және шаттансын, олар үнемі: «Тәңіріміз көтерілсін!»– деп айтасын және Оның құлына бейбітшілік тілейтіндер қуансын.

28 Менің тілім Сенің ақиқатыңа үйренеді, күні бойы  — Сенің мадақтауыңа үйренетін болады.