0:00
0:00

Senim Online жобасы туралы

Senim Online — жүректер мен саналарды біріктіретін, өмірдің мәнін ашып, рухани даму жолына бағыттайтын платформа.

Бұл — Православие дәстүрінің асыл рухани мұрасы мен қазіргі Қазақстан қоғамының арасын жалғайтын алтын көпір.Сенімге, татулыққа және дәстүрге құрметпен қарайтын адамдарға арналған орта.

 

Жобаның бірегейлігі — оның аудиоподкасттарында. Мұнда Інжіл мәтіндері жаңаша үн қатып, астарлы әңгімелер сыр шертеді, қасиетті әкелердің өсиеттері мен әулиелердің өмір жолдары таныстырылады. Тыңдарман рухани даналықпен сусындап, сенім жолында жаңа мағыналар аша алады.

Жан үні

 

Дауыс — адам дүниеге келген сәттен еститін алғашқы үн. Ал сенім үні — құлаққап, аудиожүйелер немесе радио арқылы бізді өмірдің мәні мен рухани бастауларға қайта жетелейді.

  • Күн сайынғы Інжіл мен Апостолдық оқуларды жолда, үйде немесе жұмыста тыңдаңыз.
  • «Пастырь сөзі» айдарынан рухани тағылым алып, «Дін қызметкерінің жауабы» бөлімінен өзіңізді толғандырған сұрақтарға жауап табыңыз.
  • Ересектер мен балалар, бүкіл отбасыңызбен православиеге жақындаңыздар – бұл жолда сіздерге «Отбасылық құндылықтар» бөліміндегі әдебиет, музыка, ертегілер, әндер, ойындар, кеңестер мен байқаулар жол көрсетеді.
  • Қазақстандағы ғибадатханалар, қасиетті орындар, киелі мекендер мен сенім жолындағы адамдар туралы біздің мақалаларымыз бен әңгімелерімізден біліңіз.

Біздің миссиямыз

 

Біз ізденушілерге жол көрсетуге, күмәнданушылардың сенімін нығайтуға және сенушілерді шабыттандыруға ұмтыламыз.

Біз Православиенің өміршең күшін, оның тереңдігін, сұлулығын, мейірімділігі мен ұлылығын танытуды мақсат етеміз.

Біздің міндетіміз — Қазақстандағы Православие тарихын дауыстарда, бейнелерде және мәтіндерде сақтап, келер ұрпаққа жеткізу.

Біз руханият пен заманауи технологиялар адам игілігі үшін тоғысатын кеңістік қалыптастырамыз.

 

Senim Online — бізбен бірге сенім үні естіліп, оған әркім сенім арта алады.

Неліктен Senim Online- ды таңдау керек?
  • Бұл — Қасиетті Жазба туралы ашық әрі түсінікті түрде айтылатын рухани сұхбат пен ағартушылық алаңы.
  • Бұл — сенім, өмірдің мәні, дәстүрлі құндылықтар мен отбасы туралы шынайы әңгіме.
 
Бұл — беделді дінтанушылардың, пастырьлардың және тарихшылардың жанға азық болатын мол білім қоры.

 

  • Бұл — көпұлтты Қазақстандағы төзімділік пен өзара түсіністік кеңістігі.
  • Бұл — Православие нұрына сүйене отырып, ырымшылдыққа, немқұрайлылыққа және рухани бос кеңістікке қарсы тұратын алаң.
  • Бұл — рухани жолдағы сенімді бағдаршам: біз алғашқы қадамдардан бастап шіркеу өміріне терең араласуға дейін бірге жол көрсетеміз.
  • Бұл — бүгін, дәл осы жерде, дәл қазір игі істер жасауға, мейірімділік танытуға және әрекет етуге шабыттандырады.

Біз — бірыңғай цифрлық экожүйеміз

Senim Online жобасы танымал әлеуметтік желілермен және мессенджерлермен: Telegram, Instagram, Facebook, ВКонтакте және YouTube біріктірілген.

Әрбір жазба, әрбір бағдарлама, әрбір дұға порталға өтетін сілтемемен бірге ұсынылады. Біз әр адамның Құдайға апарар өз жолын — бір ғана басу арқылы табуына кез келген уақытта мүмкіндік жасағымыз келеді. 

Youtube Senim Online: 

https://www.youtube.com/@senim_online_kz

TikTok Senim Online:

https://www.tiktok.com/@senim.online.kz

СЕНІМ САТЫЛАРЫ

Жол іздеп жүрмін

Дұға туралы

.

Пасха

Senim Online — рухани өмір, сенім мен дәстүр туралы интернет-арна. Біз Інжіл ілімін, қауымдастықтың бағдарламалары мен тарихын насихаттаймыз,қамтамасыз етуді мақсат етеміз.