0:00 / 0:00
Псалом 33

1 Авимелехтің алдында жүзін өзгерткен және ол оны жіберіп, кетіп қалған кездегі Давидтің псаломы.

2 Мен барлық уақытта Тәңірімізге батамды беремін, Оған мадақтаулық — әрқашан менің аузымда.

3 Тәңірім менің жанымды мақтайтын болады, момындар естип, қуанатын болады.

4 Тәңірімізді менімен бірге мадақтаңдар және бәріміз бірге Оның атын дәріптейік.

5 Мен Жаратқан Иені іздедім, және Ол мені естіді, және менің барлық қайғымнан мені құтқарды.

6 Оған жақындаңдар, көздеріңді ашыңдар, және жүздерің сендердің ұялмасын.

7 Осы кедей шақырды, және Тәңіріміз оны естіді және оны барлық қайғы-қасіреттен құтқарды.

8 Құдайға тиесілі Періште Одан қорқатындардың айналасында жасақтанады және оларды құтқарады.

9 Тәңіріміздің қаншалықты игілікті екенінің дәмін татыңдар, сонда көріңіздер: Оған үміт артатын  кісі бақытты!

10 Жаратқан Иеден оның барлық әулиелері қорқыңдар, өйткені Одан қорқатындардың кемшілігі жоқ.

11 Байлар кедейленді және аштықты сезінді, ал Тәңірімізді іздейтіндер қандай да бір игіліктен айырылмайды.

12 Келіңдер, балалар, мені тыңдаңдар, Тәңірімізден қорқуға сендерді үйретемін.

13 Өмірді кім жақсы көреді, кім жақсы күндерді көргісі келеді?

14 Тіліңді зұлымдықтан және аузыңды қу сөздерден сақта.

15 Зұлымдықтан бас тарт және игі іс жаса, бейбітшілікті тап және соған талпын.

16 Тәңіріміздің көздері әділ адамдарға және Оның құлақтары — олардың дұғаларына (бағытталған).

17 Тәңіріміздің жүзі зұлымдық жасаушыларға олар туралы естелікті жерден жою үшін қарамайды.

18 Әділдер Оны шақырды, Тәңіріміз оларды естіді және оларды барлық қайғы-қасіреттен құтқарды.

19 Тәңіріміз жүректері жанып тұрғандарға жақын және рухы кішіпейілділерді құтқарады.

20 Әділдердің қайғы-қасіреті көп, бірақ Тәңіріміз олардың бәрінен құтқарады.

21 Тәңіріміз олардың барлық сүйектерін сақтайды, олардың ешқайсысы сынбайды.

22 Күнәкарлардың өлімі ауыр және әділдерді жек көретіндер күнә жасайды.

23 Жаратқан Ие Өз құлдарының жанын құтқарады және Оған сенетіндердің бәрі күнә жасамайды.