0:00
0:00

Мәртебелі мейрамдар

32. Еврейлерде жазылмаған Давидтің псаломы

0:00 / 0:00
32. Еврейлерде жазылмаған Давидтің псаломы

1 Әділ адамдар Тәңір туралы ойлап қуаныңдар, дұрыс ниеттілер мадақтауға лайық:

2 Тәңірді гуслиде ойнап мадақтаңдар, он ішекті псалтирде Оған ән айтыңдар.

3 Оған жаңа ән айтыңдар, Оған жақсы әнді леппен айтыңдар!

4 Өйткені Тәңіріміздің сөзі шындық және Оның барлық істері дұрыс.

5 Жаратқан Ие қайырлық пен сотты жақсы көреді, жер Жаратқан Иенің рақымына толы.

6 Жаратқан Иенің сөзімен аспан орнатылған және Оның аузының рухымен олардың барлық бекітілген.

7 Ол аң терісі сияқты теңіз суын жинайды, қазынаға тұңғиықтарды енгізеді.

8 Бүкіл жер Тәңірімізден қорықсын, ғаламда өмір сүретіндердің бәрі Оның алдында дірілдесін!

9 Өйткен Ол айтса — сол болады, бұйырса — сол орындалады.

10 Тәңіріміз халықтардың кеңестерін бұзады, адамдардың жаман ниеттерін жояды және князьдердің кеңестерін қабылдамайды.

11 Ал Тәңірімізге тиесілі кеңес болса ғасырдан ғасырға көбейеді, Оның жүрегінің ақыл-ойы — рудан руға таралады.

12 Тәңіріміз оның Құдайы болатын халық — ол Өзіне мұра етіп таңдаған адамдар бақытты.

13 Жаратқан Ие көктен қарап, адамның барлық ұлдарын көрді.

14 Дайын тұрған Өз үйінен жер бетінде өмір сүретін барлық адамдарға қарап,

15 олардың жүректерін бір-бірден жаратқан және олардың барлық істеріне үңілген.

16 Патша көп күшпен құтқарылмайды, ал алып адам көптеген бекіністерімен құтқарылмайды.

17 Құтқарылу үшін жылқы да алдамшы: ол өзінің көптеген күштерімен құтқарылмайды.

18 Міне, Жаратқан Иенің Одан қорқатындарға, Оның рақымына сенетіндерге көзқарасы:

19 Олардың жанын өлімнен құтқару және аштық кезінде оларды тамақтандыру үшін.

20 Біздің жанымыз Тәңірімізді жан-тәнімен күтеді, өйткені Ол біздің көмекшіміз және қорғаушымыз.

21 Ол туралы біздің жүрегіміз қуанады, және біз Оның киелі атына сенім арттық.

22 Тәңірім, Сенің мейірімің бізге жаусын, өйткені біз Саған сенім арттық.