0:00
0:00

Мәртебелі мейрамдар

36. Давидтің псаломы

0:00 / 0:00
36. Давидтің псаломы

1 Қуларға қызғаныш білдірме және заңсыздық жасайтындарға қызықпа.

2 Өйткені олар шөп сияқты тез арада құрғап, жасыл дақыл сияқты тез арада жоқ болып кетеді.

3 Тәңірімізге сенім артып, жақсылық жаса, жерде мекенде және оның байлығын пайдалан.

4 Тәңірімізден жұбаныш сұра, және Ол сен үшін жүрегіңдегі өтініштерді орындайды.

5 Тәңірімізге өз жолыңды аш және Оған сенім білдір,

6 сонда Ол: сенің ақиқатыңды жарық сәуле сияқты және тағдырыңды шаңқай түс сияқты шығаратын болады.

7 Тәңірімізге бағын және Оған дұға оқы, заң бұзушылық жасаған, өз жолында табысқа жеткен адамды қызғанба.

8 Ашуыңды тоқтат және ызаңды қалдыр, қулыққа мойынсұнба.

9 Өйткені қулар жойылады, ал Тәңіріміздің уағыздарын сабырлы орындайтындар — олар жерді мұраға алады.

10 Енді кішкене, сонда күнәкар болмайды және оның орнын іздесен де, таппайсың.

11 Ал момындарды жерді мұраға алады және әлемнің артықшылығынан рахаттанатын болады.

12 Күнәкар әділ адамды бақылайды және оған тістерін қайрайды.

13 Жаратқан Ие олардың үстінен күледі, өйткені оның күні келетінін көреді.

14 Күнәкарлар кедей мен қайыршыны бағындыру, айыпсыздарды жүректерімен жаншып өлтіру үшін қылышты алып, садақтарын тартты.

15 Олардың қылышы олардың жүректеріне кірсін, ал садақтары сынсын.

16 Күнәкарлардың үлкен байлығынан гөрі әділ адамның кішігірім (игілігі) жақсы.

17 Күнәкарлардың бұлшықеттері сынады және Тәңіріміз әділдерді қолдайды.

18 Тәңіріміз мінсіз жолдарды біледі және олардың мұрасы ғасырлар бойы бір қалыпты қалады.

19 Олар қайғы уақытында ұялмайды және аштық күндері тойып жүреді, керісінше, күнәкарлар өледі.

20 Тәңіріміздің жаулары оларды мадақтау және дәріптеу кезінде түтін сияқты жоғалып кетті.

21 Күнәкар қарыз алып, қайтармайды, ал әділ адам жомарттықпен береді.

22 Және оған бата беретіндер жерді мұраға алады, ал оны қарғайтындар жойылатын болады.

23 Жаратқан Ие адамның аяқтарын бағыттайды және Ол оның жолында рақым етеді:

24 Ол құлаған кезде ол жарақаттанбайды, Өйткені Тәңіріміз оның қолына күш береді.

25 Мен жас едім, енді қартайдым, бірақ әділ адамды тастап кеткенін және оның ұрпақтарының нан сұрағанын көрмедім.

26  Әр күні әділ адам мейірімді болады және қарыз береді, ал оның ұрпақтары баталанады.

27 Зұлымдықтан бас тарт және жақсылық жаса, сонда ғасырдан ғасырға өмір сүретін боласың.

28 Өйткені Құдай әділдікті жақсы көреді және өзінің киелілерін қалдырмайды, оларды ғасырлар бойы  сақтайды, ал заңсыздықтар қуылатын болады және күнәкарлардың ұрпағы жойылатын болады.

29 Ал әділдер жерді мұраға алады және ғасырдан ғасырған сонда мекен ететін болады.

30 Әділ адамның аузы даналыққа үйренеді ,ал оның тілі (әділ) сот туралы айтады.

31 Оның жүрегінде Құдайдың заңы бар және оның аяғы сүрінбейтін болады.

32 Күнәкар әділ адамды бақылайды және оны өлтіруге тырысады,

33 бірақ Тәңіріміз оны оның қолында қалдырмайды және оны соттаған кезде оны айыптамайды.

34 Тәңірімізге сеніп, Оның жолын сақта, және ол сені жерді мұраға алу үшін көтеретін болады, ал сен күнәкарлардың жойылатынын көретін боласың.

35 Мен ливан балқарағайлары сияқты зұлым, шектен тыс мадақталған және тым жоғары көтерілгендерді көрдім:

36 Мен қастарынан өтіп кеттім, енді ол жоқ: мен оны іздедім, оның орны да табылмады.

37 Жылы жүзділікті сақта және шындықты бақыла, өйткені бейбіт адамның болашағы бар.

38 Заңсыздардың бәрі жойылады, зұлымдардың сүйектері өледі.

39 Әділдерді құтқару — Тәңірімізден, және Ол — қайғы-қасірет кезінде олардың қорғаушысы.

40 Және Тәңіріміз оларға көмектеседі, және оларды құтқарады, және күнәкарларды жояды және оларды сақтайды, өйткені олар Оған сенім артты.