1 Соңы. Үйрету үшін. Кореевтің ұлдарына. Давидтің псаломы
2 Бұғы су көздеріне ұмтылғандай, менің жаным саған ұмтылады, Құдайым.
3 Менің жаным күшті, тірі Құдайға қатты ұмтылды және былай деп айтты: мен қашан келіп, Құдайдың жүзіне көрінемін?
4 Менің көз жасым күн сайын маған: «сенің Құдайың қайда?” – деп айтқан кезде, күні-түні мен үшін нан болды.
5 Мен оны есіме аламын және менің жанымды өз алдыма төктім. Мен керемет ауылдың орнына, Құдайдың үйіне дейін, қуаныш пен Құдайға деген тәубешілігімен айтып, мерекелік леппен барамын!
6 Сен неге қайғылысың, менің жаным? Және неге мені ұялтасың? Құдайға сиын! Өйткені мен Оған сенемін және (былай) айтамын: (Сен) менің жүзімнің құтқарушысың және менің Құдайымсың!
7 Менің ішімде менің жаным қысылады, сондықтан мен Сені Иордан және Ермониим жерінен, Малой тауынан бастап еске аламын.
8 Тұңғиық тұңғиықты Сенің сарқырамаларыңның дауысымен шақырады: барлық Сенің ақбас толқындарың және Сенің толқындарың менің үстімнен өтті.
9 Күндіз Тәңіріміз өзінің мейірімін көрсетеді, ал түнде — мен Оған ән айтамын, менің өмірімнің Құдайына дұға етемін.
10 Құдайға былай деп айтамын: Сен — менің жақтаушымсың, Сен мені неге ұмыттың? Неліктен мен жау қорлаған кезде қайғылана жүремін?
11 Менің сүйектерім жаншылған кезде, менің жауларым маған күн сайын: «сенің Құдайың қайда?” – деп бет тырнасты.
12 Сен неге қайғылысың, менің жаным? Және неге мені ұялтасың? Құдайға сиын, өйткені мен Оған сенемін және (былай) айтамын: (Сен) менің жүзімнің құтқарушысың және менің Құдайымсың!