1 Соңы. Давидтің псаломы
2 Кедей және жұпыны туралы ойлайтын адам бақытты! Ауыр күндері Тәңір оны құтқарады.
3 Тәңіріміз оны сақтап, оны жандандырады және оған жер бетіндегі бақытты сыйласын, және оны жауларының қолына бермесін.
4 Тәңіріміз оған ауырып, төсекке жатып қалғанда көмектессін! Сен оның ауруы кезінде оның барлық төсегін өзгерттің.
5 Мен былай деп айттым: Тәңірім, мені кешір, менің жанымды сауықтыр, өйткені мен Сенің алдында күнә жасадым.
6 Менің жауларым мен туралы жаман сөздер айтты: «Ол қашан өледі және оның аты қашан өледі?”
7 Және егер (кім) (мені) көруге келсе, оның жүрегі өтірік айтса, ол өзіне заңсыздықты жинайды. Ол сыртқа шығып бара жатқанда, олар бірігіп келісіп алды:
8 Менің барлық жауларым маған қарсы
сыбырлады, олар маған жамандық ойластырды.
9 Маған қарсы заңбұзушылық сөздер жасады және былай деп айтты: «жатқан адам қайта тұра ма екен?»
10 Өйткені мен үміттенген, менің нанымды жеген менімен достық қатынастағы адам маған өкшесін көтерді.
11 Сен болсаң, Тәңірім, кешір мені және менің басымды көтер, және мен оларға қарсы шығамын.
12 Осыдан мен егер менің жауым мені жеңбейтін болса, Сенің маған рақым ететініңді білемін.
13 Ал (менің) жылыжүздігім үшін, Сен мені қабылдадың және ғасырлар бойы мені Өз алдыңда бекіттің.
14 Ғасырдан ғасырға Израил Құдай Иеміз баталанған. Болсын, болсын.