0:00 / 0:00
Псалом 21

1 Соңы. Таңертеңгі шапағат туралы. Давидтің псаломы

2 Құдайым, маған құлақ сал! Сен мені не үшін қалдырдың? Мені құтқарудан менің күнәһарлану сөздерім алыстатады.

3  Құдайым! Мен күндіз-түні айқайлап шақырамын, Сен естімейсің, (бірақ бұл) мен үшін ақылсыздық емес.

4 Сен Израилдің мақтанышы, киелі жерде тұрасың!

5  Біздің әкелеріміз саған үміт артты және Сен оларды құтқардың.

6  Сені шақыратын және солай құтқарылатын, Саған үміт артатын және ұятта болмайтын.

7 Мен болсам – адам емес, құртпын, адамдар арасындағы жәбірлеу және халық арасындағы қорлаумен,

8 мені көргендердің Бәрі мені мазақ етіп, бастарын изеді, ауыздарымен былай деді:

9 Ол Тәңірімізге үміт артты, Ол оны құтқарсын, егер Оған лайықты болса, оны құтқарсын.

10 Бірақ Сен мені құрсаудан алып шықтың, менің үмітім менің анамның емізігінен.

11  Мен туғаннан саған адалмын, анамның құрсағынан Сен  менің Құдайымсың.

12  Менен бас тартпа, өйткені қайғы жақын, ал менің көмекшім жоқ.

13 Мені көптеген торпақтар қоршап алды, ал майлы өгіздер мені қамап алды.

14  Маған ұстаған (тамағын) ұрлайтын және ақыратын арыстан сияқты ауыздарын ашты.

 15 Мен су сияқты төгілдім, менің барлық сүйектерім шашырады, жүрегім менің құрсағымның ортасында еріген балауызға айналды.

16 Күшім менің сынықтар сияқты кеуіп қалды, тілім менің көкейіме жабысып қалды, ал өлімнің күлінде Сен мені төмен түсірдің.

17 Өйткені мені көптеген иттер қоршап алды, зұлымдар тобыры мені қамап алды, олар менің қолдарым мен аяқтарымды тесіп,

18  барлық сүйектерімді санап шықты, ал өздері маған жеккөрінішті қарады.

19 Олар менің ризашылықтарымды кесіп тастады және киімдеріме  жеребе тастады.

20 Сен болсаң, Тәңірім, маған көмек көрсетуден бас тартпа, мені қорғауға асық.

21 Қылыштан менің жанымды және жалғыз жанымды иттен құтқар.

22 Мені арыстанның аузынан және кішіпейіл жалғыз мүйізділердің мүйізінен құтқар.

23 Мен Сенің атыңды бауырларыма айтатын боламын, шіркеудің ортасында Саған рақым етемін.

24 Тәңірімізден қорқатындар, Оны мадақтаңдар! Иаковтың барлық тұқымы, Оны мадақтаңдар! Одан барлық Израиль тұқымы қорықсын!

25 Өйткені Ол кедейдің дұғасынан жиіркеген жоқ және бас тартқан жоқ, менен Өз бетін аударып жібермеді және мен Оны шақырғанда, Ол мен естіді.

26 Саған менің мадақтауым: ұлылардың жиналысында Саған ғибадат етемін, Одан қорқатындардың алдында антымды орындаймын.

27 Жұпыны адамдар жеп, тойып алсын, Тәңірім Оны іздеушілерді мадақтасын, олардың жүрегі ғасырдан ғасырға өмір сүрсін. 28 Жердің барлық ұштары Тәңірімізді есіне алып,  оған жүгінсін, және халықтардың барлық тайпалары оған тағзым етсін.

29 Өйткені, Тәңіріміздің патшалығы  және Оның халықтары бар.

30 Барлық құнарлы жерлер құнарланып, ғибадат ететін болады: Оның алдында жерге кеткендердің бәрі тізе бүгеді, менің жаным Сол үшін өмір сүреді,

31 және менің ұрпағым Оған қызмет ететін болады: ол Тәңірімізді болашақ отбасына жариалайды,

32 және Оның ақиқатын Тәңіріміз Жаратқан адамдарға айтып береді.