1 Соңы. Ұлының құпиялары туралы. Давидтің псаломы
2 Саған бүкіл жүрегіммен ғибадат етемін, Сенің барлық ғажаптарыңды ашып беремін.
3 Мен көтерілемін және Сені ойлап қуанамын, Сенің атыңа рақым етемін, Тәңірім.
4 Менің жауымды кейін қайтарған кезде: олар Сенің жүзіңнен азып, өледі.
5 Себебі Сен менің сотымды және менің тағдырымды шештің: ақиқат бойынша Соттаушы таққа келді.
6 Сен халықты жазаладың және күнәсі барлар өлді. Сен оның есімін ғасырға және ғасырдан ғасырға ұмыттырдың.
7 Жаудың жарағы мүлдем таусылды және Сен қалаларды қираттың: ол туралы естелік шуылмен бірге өшті.
8 Ал Тәңіріміз мәңгі қалады, Ол өзінің тағын сот үшін дайындады.
9 Және Ол ғаламды ақиқат бойынша бағалайды, және адамдарды дұрыс бағалайтын болады.
10 Тәңіріміз жұпыны адамға пана болды, керек уақытында, қайғы кезінде көмекші болды.
11 Және Сенің атыңды білетіндер Саған үміт артсын, өйткені Сен Сені іздеушілерді қалдырмайсың, Тәңірім.
12 Сионда тұратын Тәңірімізге ән айтыңдар, Оның істерін халықтар арасында көтеріңдер.
13 Өйткені олардың қаны үшін сазайын бере отырып, ол жұпыны адамның зар жылауын есіне түсірді, ұмытпады.
14 Кешір мені, Тәңірім! Менің жауларымнан Сен менің қорлауымды таны, мені өлім қақпасынан дәстерле.
15 Сонда мен Сенің барлық мадақтауларыңды Сион қызының қақпаларында жариялаймын. Сенің құтқаруыңа қуанайық.
16 Адамдар өздері жасырған торда ұйымдастырған кесірге түсті, олардың аяғы байланған.
17 Тәңіріміз соттарды жасау арқылы танып біледі: күнәкар қолдарымен өз істеріне байланған.
18 Күнәкарлар, Құдайды ұмытып кеткен барлық халықтар тозаққа барсын.
19 Себебі, кедей мәңгі ұмытылмайды, кедейлердің шыдамы соңына дейін өлмейді.
20 Тәңірім, көтеріл! Адам үстем болмасын, адамдар Сенің алдыңда сотталсын.
21 Тәңірім, заң шығарушыны олардың үстіне қой, сонда халықтар олардың адамдар екенін біледі.
22 Неге Сен, Тәңірім, алыста тұрсың?
23 Әл-ауқат (пен) қайғы-қасіреттен жиіркенесің бе? Зұлым мақтанған кезде, қайыршы ашуланады: олар ойластырған ниеттерге байланған.
24 Себебі өзінің жанының нәпсісі үшін күнәкар мадақталады және өкпелетуші жаратылады.
25 Өзінің дөрекілдігімен, «Ол көтерілмейді» (деп айтып) күнәкар Тәңірімізді түршіктіреді. Оның алдында Құдай жоқ.
26 Оның жолдары кез-келген уақытта арамдалады, Сенің соттарың одан шеттетіледі, ол өзінің барлық жауларына үстемдік етеді.
27 Өйткені ол жүрегінде былай деді:»мен қайтпаймын, рудан руға зұлымдықсыз (боламын)».
28 Оның аузы антқа, күйінішке және жағымпаздыққа толы, тілінде оның азап пен ашу.
29 Ол тосқауылда, жасырын жерлерде, жазықсыз адамды өлтіру үшін байлармен отыр, оның көздері кедейлерді бақылап отыр.
30 Өз апанында отырған арыстан сияқты жасырын жерде күтіп отыр, қайыршыны ұстап, оны өз тұзағына отырғызған қайыршыны ұстап алуға күтіп отыр.
31 Оны көндіреді, жұпыны адамды иеленген кезде қисайып құлайды.
32 Себебі ол өзінің жүрегінде былай деді: «Құдай ұмытты, ешқашан көрмеу үшін Өз жүзін маған бұрмады».
33 О, Тәңірім, Құдайым, көтеріл! Қолың Сенің көтерілсін, соңына дейін Өзіңнің жұпыны адамыңды ұмытпа.
34 Неліктен зұлым адам Құдайды ашуландырды? Өйткені ол жүрегінде: «Ол көтеріле алмайды» – деді.
35 (Бірақ) Сен көріп отырсың, өйткені Сен азап пен өшігуге қарайсың. Ол Сенің қолыңа тапсырылсын: Саған кедей адам тапсырылды, Сен жетімге көмекші бол.
36 Күнәкар және айлакердің бұлшықетін сындыр, себебі оның күнәсін іздегенде, ол табылмайды.
37 Тәңіріміз — Ғасырлар және ғасырдан ғасырға келе жатқан патша.
38 Пұтқа табынушылар Оның жерінен құрып кетіңдер! Сен жұпыны адамның тілегін, Тәңірім, естідің, олардың жүрегіндегі адалдыққа Сен құлақ астың.
39 Адам жер бетінде өзін қошеметтеуін жалғастыруды тоқтатату үшін, жетім мен кішіпейілділікті ақта.