0:00 / 0:00
Псалом 6

1 Соңы. Жыр. Сегізінші (күн) туралы. Давидтің псаломы

2 Тәңірім! Өз ашуыңмен мені әшкерлеме және Өз ызаңмен мені жазалама.

3 Кешір мені, Тәңірім, себебі мен әлсізбін; мені емде, Тәңірім, себебі менің сүйектерім дірілдеп кетті.

4 Менің жаным қатты ызалы. Және Сен, Тәңірім қашан (маған көмек бересің)?

5 Қара, Тәңірім: менің жанымды құтқар, мені Өз мейірімділігіңмен құтқар.

6 Өйткені өлгендердің ешқайсысы Сені есіне алмайды, ал тозақта Сені кім ғибадат етеді?

7 Мен өзімнің уайымдарымнан шаршадым, әр кеш сайын төсегіме жылаймын, көз жасыммен төсегімді суға толтырамын.

8 Менің көзім қаһардан қарауытып кетті, мен барлық жауларымның арасында тоздым.

9 Заңсыздық жасағандардың бәрі менен кетіңдер, Өйткені Тәңіріміз менің жылаған дауысымды естіді.

10 Жаратқан Ие менің дұғамды естіді, Жаратқан Ие менің дұғамды қабылдады.

11 Менің барлық жауларым ұялып, абыржып кетсін,  тез арада кері бұрылып, ұятқа қалсын.