1 Соңы. Идифумға. Давидтің жыры.
2 Мен былай деп айттым: тіліммен күнәға батпау үшін, өз жолымды сақтайтын боламын. Менің алдымда күнәкар болғанға дейін мен аузыма ие болатын болдым.
3 Менің жаным қатып қалды, және мен көндім, игіліктен айырылып үндемедім және менің ауруым қайтадан басталды.
4 Менде менің жүрегім жылынды және менің ақыл-ойымда оттай жалын жанды. Мен өз тіліммен былай деп айттым:
5 Тәңірім, маған менің өлімімді және менің қалған күндерімді ашып көрсет: ол қандай? Маған не қалатынын түсінгім келеді?
6 Міне, Сен менің күндерімді қарыстармен өлшедің, және менің құрамым Сенің алдында ештеңе емес.
7 Шындығында, барлығы қарбалас, кез келген адам өмір сүргісі келеді. Адам елес сияқты жүреді, ол тек босқа қатты толқиды, қазынаны жинайды және оны кім үшін жинайтынын білмейді.
8 Ал қазір, менің сабырым кім? Тәңіріміз емес пе? Және менің құрамым Сенен пайда болды.
9 Менің барлық заңсыздықтарымнан мені құтқар: Сен мені ақылсызға масқара етіп бердің.
10 Менің тілім байланып қалды және аузымды ашпадым, өйткені Сен (солай) жасадың.
11 Өз соққыларыңнан мені құтқар, өйткені Сенің күшті қолыңнан мен жоғалып кетемін.
12 Заңсыздық үшін Сен адамды әшкерлеумен жазаладың және оның өмірін өрмекші үйі сияқты қираттың: әрбір адам сондай әбігер!
13 Менің дұғамды, Тәңірім, тыңда және менің тілегіме құлақ сал, менің көз жасыма үнсіз болма, өйткені Мен сенімен кезбе адаммын және менің барлық әкелерім сияқты шеттен келген адаммын.
14 Мен кеткенше тынышталуым үшін маған жеңілдік бер және одан кейін мен болмаймын