0:00 / 0:00
Псалом 4

 1 Соңы. Жыр. Давидтің псаломы

2 Мен шақырған кезде мені Құдай шындығымды естіді. Қайғы кезінде Сен маған еркіндік бердің. Маған рақым ет және менің дұғамды есті!

3 Адам ұлдары! Қашанға дейін сендер табанды боласыңдар? Неліктен әбігерлікті ұнатасыңдар және өтірікті іздейсіңдер?

4 Тәңіріміздің Өзі сияқты кереметті жасағанын біліңдер. Мен оған шақырған кезде Тәңіріміз мені тыңдайды.

5 Ашуланып, күнә жасамаңдар; жүректеріңде не туралы сөйлесеңдер, (бұл туралы) өз төсектеріңде ойланыңдар.

6 Шындықты құрбан етіңдер және Тәңірімізге үміт етіңдер.

7 Көбісі: бізге жақсылықты кім көрсетеді? – деп сұрайды Тәңірім, Сенің жүзіңдегі сәуле бізге түсті.

8 Сен менің жүрегіме қуаныш сыйладың, олар бидай, шарап және май жемістерінен байытылды.

9 Мен еліммен тез ұйықтап, тынышталамын, өйткені Сен, Тәңірім, жалғыз мені үмітпен толтырдың.