1 Жыр псаломы. Давидтың үйін жаңарту туралы.
2 Мен Сені мадақтаймын, Тәңірім, өйткені Сен мені көтеріп, мен үшін менің жауларымды көтермедің.
3 Тәңірім, Құдайым! Мен Саған шақырдым және Сен мені сауықтырдың.
4 Тәңірім! Сен тозақтан менің жанымды шығарып, мені қабірге түсуден сақтадың.
5 Оның киелілері Тәңірге ән айтыңдар, және Оның киелігі туралы еске алып айтып отырыңдар.
6 Себебі жаза Оның ашуында, және өмір Оның еркінде: кешке жылау, ал таңертең қуаныш орнығады.
7 Мен өз игілігімде былай дедім: «ғасырлар бойы күдіктенбеймін:
8 Тәңірім, Сенің рақымыңмен, менің мейірімділігіңе күш бер!” Сен болсаң Өз жүзіңді (меннен) алдың, сонда мен қымсындым.
9 Сені, Тәңірім, мен шақырамын, Мен Құдайға дұға етемін.
10 Мен күл болып жанып кеткенде, менің қанымның қандай пайдасы бар? Әлде күл Сені даңқты ете ме? Әлде ол Сенің ақиқатыңды білдіреді ме?
11 Жаратқан Ие мені естіді және маған рақым етті, Жаратқан Ие маған көмекші болды.
12 Сен жылауды мен үшін қуанышқа айналдырдың, менің қайғырған адамдар киетін шапанымды жыртып, мені шаттықпен қоршадың.
13 Менің даңқым Сені мадақтасын, ал мен өкінбейтін боламын. Тәңірім, Құдайым! Мен мәңгі Сенің жолында боламын.