1 Жаратқан Ие менің ағартушым және менің Құтқарушым: мен кімнен қорқамын? Тәңірім менің өмірімнің қорғаушысы: мен кімнен қорқамын?
2 Қаскүнемдер менің етімді жеуге жақындағанда, менің қорлаушыларым мен жауларым, олар өздері шаршап, құлады.
3 Егер маған қарсы полк тұрса да, менің жүрегім қорықпайды; егер маған қарсы майдан тұрса, мен Оған үміт артатын боламын.
4 Тәңірімізден мен тек бір ғана нәрсе сұрадым және соны (ғана) айтамын: маған Тәңірдің үйінде менің бүкіл өмірімнің күнінде тұру үшін, Тәңірдің сұлулығын тамашалау және Оның киелі храмына бару үшін.
5 Себебі Ол менің бақытсыздық күнімде Өзінің шатырында мені жасырды, Өзінің шатырының құпия жерінде мені сақтап, жартасқа мені көтерді.
6 Және қазір, Ол менің басымды менің жауларымның үстінен көтерген кезде, мен жеңіп, Оның Шатырына мадақ құрбанын және айқайды алып келдім. Мен Тәңірімізге ән айтып, рақым ететін боламын.
7 Тәңірім, мен шақырған менің дауысымды есті, маған рақым ет және мені тыңда.
8 Менің жүрегім саған былай деп айтты: Тәңірімді іздеймін. Менің жүзім Сені іздеймін және Тәңірім, Сенің жүзіңді табамын.
9 Өз жүзіңді менен бұрма және құлыңнан ашуланып бас тартпа, маған көмекші бол, мені қабылда және мені тастама, Құдайым, Менің Құтқарушым!
10 Себебі менің әкем мен анам мені тастап кетті, ал Тәңірім мені қабылдады.
11 Өз жолыңда Мені басқар, Тәңірім, және менің жауларым үшін мені тура жолға бағытта.
12 Мені қысым көрушілердің еркіне сатпа, өйткені әділетсіз куәгерлер маған қарсы шықты және өз-өзіне өтірік айтты.
13 Мен тірілердің жерінде Тәңіріміздің игілігін көремін деп үміттенемін.
14 Тәңірімізге Сен, батылдық жаса, сонда жүрегің мықты болсын және Тәңірімізге үміт арт.