0:00 / 0:00
Псалом 11

1 Соңы. Сегізінші (күн) туралы. Давидтің псаломы

2 Мені құтқар, Тәңірім, өйткені қасиеттілік жоғалды, өйткені ақиқат адам ұлдарының арасында жоғалып кетті.

3 Абыржыған адам өзінің жақынына былай деді: жағымпаз жүректер жүректен (сөйлейді), зұлымдар да жүректен сөйлейді.

4 Тәңіріміз барлық жағымпаз ауыздарды, менмендік тілін, және :

5 «біздің тіліміз ұлық тұтады, біздің аузымыз өзімізде,

6  бізге Тәңір деген кім?” деп айтатындарды жояды. Кедейлердің қайғы-қасіреті мен жұпыны адамдардың азабы үшін мен көтерілемін, – дейді Тәңіріміз, — мен құтқарушымын, мен оны ашамын.

7 Тәңіріміздің сөздері — таза сөздер, балқытылған күміс, жерде сыналған, жеті рет тазартылған сөздер.

8 Сен, Тәңірім, бізді сақтайсың және бізді осы ұрпақтан ұрпаққа және ғасырдан ғасырға сақтайсың. Айналамызда зұлымдар жүр. Жоғарылығың бойынша Сен адам ұлдарына қамқорлығыңды молайттың.