Память 29 октября (16 октября по ст. ст.), в Соборе новомучеников и исповедников Российских и в Соборе Саратовских святых. Родился в 1867 году в селе Окатная Маза Хвалынского уезда Саратовской губернии. Священный сан принял в 1896 году. До 1920 года служил в единоверческой церкви села Корнеевка Николаевского уезда Самарской губернии. 5 сентября 1934 года арестован органами НКВД и осужден Особым Совещанием. Обвинение: «участие в антисоветской организации среди священнослужителей». В 1935 году 17 марта осужден ОСО при УНКВД СССР по Саратовской области. Приговорен к 3 годам ссылки в Казахстан. По отбытии срока возвратился в Саратовскую область. Проживал в городе Пугачеве Саратовской области. Вновь арестован в 1941 году. В период с 21 сентября по 21 декабря 1941 года в его доме 7 раз производился обыск, но кроме 85 рублей ничего не нашли. 21 декабря 1941 года Выездная Сессия Саратовского Облсуда в городе Пугачеве приговорила Заседателева И.И. подвергнуть высшей мере наказания – расстрелять. Священник Иоанн Заседателев обратился в Верховный суд РСФСР с кассационной грамотой. 14 марта 1942 года Судебная коллегия по уголовным делам Верховного Суда СССР, рассмотрев в заседании протест Председателя Верховного суда СССР на приговор Саратовского облсуда от 21 декабря 1941 года, определила: «Приговор Саратовского облсуда изменить, расстрел Заседателеву И. И. заменить лишением свободы в исправительно – трудового лагеря сроком на 10 лет». Священник Иоанн Заседателев направлен в Карлаг, куда прибыл 25 октября 1942 года. 29 октября 1942 года священник Иоанн Заседателев скончался на станции Карабас Карлага от правосторонней пневмонии и истощения. По архивному уголовному делу за 1934-35 года Заседателев И. И. реабилитирован постановлением президиума Саратовского областного суда от 10 октября 1988 года, а по архивному уголовному делу за 1941-42 года — прокуратурой Саратовской области 24 марта 1994 года. Причислен к лику святых новомучеников и исповедников Российских на Архиерейском Соборе Русской Православной Церкви в августе 2000 года для общецерковного почитания. Иоанн Иванович Заседателев (1867 — 1942) – діни қызметкер, қасиетті шейіт. | Еске алу 29 қазан (16 қазан ескі күнт.) Ресейлік жаңа шейіттер мен діндарлар және Саратов қасиеттілерінің шіркеуінде. 1867 жылы Саратов губерниясының Хвалынск ауданы, Окатная Маза селосында туған. Ол 1896 жылы қасиетті дәрежені қабылдады. 1920 жылға дейін Самара губерниясының Николаев ауданы Корнеевка селосындағы көне дәстүрлік рәсімдерді сақтаған шіркеуде қызмет етті. 1934 жылы 5 қыркүйекте НКВД органдарымен тұтқындалып, Арнайы жиналыста сотталды. Тағылған айып: «Дін қызметкерлері арасында кеңес үкіметіне қарсы ұйымға қатысу». 1935 жылы 17 наурызда Саратов облысы бойынша КСРО-ның НКВД жанындағы ОСО-мен сотталды. Қазақстанға 3 жылға жер аударылды. Жазасын өтеп, Саратов облысына оралды. Саратов облысы, Пугачев қаласында тұрған. 1941 жылы қайтадан қамауға алынды. 1941 жылдың 21 қыркүйегі мен 21 желтоқсаны аралығында оның үйі 7 рет тінтуге алынды, бірақ 85 сомнан басқа ештеңе табылмады. 1941 жылы 21 желтоқсанда Пугачев қаласындағы Саратов облыстық сотының көшпелі сот отырысымен Заседателев И.И. ең қатаң — ату жазасына кесілді. Діни қызметкер Иоанн Заседателев кассациялық шағыммен РСФСР Жоғарғы сотына жүгінді. 1942 жылғы 14 наурызда КСРО Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы өз отырысында КСРО Жоғарғы Сотының Төрағасының Саратов облыстық сотының 1941 жылғы 21 желтоқсандағы үкіміне наразылығын қарап, анықтай түсті: «Саратов облыстық сотының И.И.Заседателевке қатысты үкімі ату жазасынан 10 жылға еңбекпен түзету лагеріне бас бостандығынан айыру деп өзгертілсін». Діни қызметкер Иоанн Заседателев Карлагқа жіберілді, ол 1942 жылы 25 қазанда келді. 1942 жылы 29 қазанда діни қызметкер Иоанн Заседателев Қарабас Қарлаға стансасында оң жақты пневмония мен қажыры кеткеннен қайтыс болды. 1934-35 жылдардағы мұрағаттық қылмыстық іс бойынша Саратов облыстық соты президиумының 1988 жылғы 10 қазандағы қаулысымен, ал 1941-42 жылдардағы мұрағаттық қылмыстық іс бойынша — Саратов облыстық прокуратурасы 1994 ж.24 наурыздағы шешімімен И.И.Заседателев оңалтуға шығарылды. 2000 жылдың тамызында Орыс Православие Шіркеуі Епископтарының мерейтойлық кеңесінде Ресейдің бүкіл шіркеулік құрмет үшін қасиетті жаңа шейіттері мен діндарлар қатарына қосылды. |
|