0:00
/
0:00
Адам өмірін қорғайтын Періштеге дұға / Молитва к Ангелу, хранителю человеческой жизни
Киелі Періште, менің байқұс жанымды қорғау үшін қойылған, мені күнәһарды тастама, және менің шыдамсыздығыма бола менен кетпе. Зұлым әзәзілге осы өлімді тән арқылы маған билік етуіне мүмкіндік берме. Менің сорлы түскен қолымды мықтылап ұстап, мені құтқарылу жолына шығар. О киелі Құдай Періштесі, менің байқұс жаным мен тәнімнің қорғаушысы және қамқоршысы!
Кешір мені егер Сені бүкіл өмірімде ренжітсем, егер мен өткен түнде күнә жасасам, осы күні мені қорға және мені жаудың қандай да болса азғыруынан сақта, мен еш күнәммен Құдайды ашуландырмауым үшін, және мен үшін Құдай Иеге дұға оқы, мені Ол Өзінің еркін орындауға бегітсін және мені Өзінің игілігінің лайықты құлы болуына жеткізсін.