Құдай жайында

Рассказать в соцсетях

0:00 / 0:00
Құдай жайында

Құдай бүкіл әлемді ешкеңеден жаратты, тек бір Сөзімен. Ол қалағанының бәрін істей алады.

Құдай – Ең Жоғары тіршілік Иесі. Оған тең келетін жер бетінде де, аспанда да, еш жерде де жоқ.

Біз, адамдар, Оны өзіміздің ақылымызбен ұғына алмаймыз. Егер Құдай бізге Өзі жайында ашпағанда, біз Ол жайында ештеңе білмейтін едік. Біздің Құдай жайында білетініміз, тек Оның бізге Өзінің ашқаны.

Құдай бірінші – Адам мен Еваны жаратқан кезінде, пейіште оларға келіп, Өзі жайында: әлемді жаратқаны жайында, Бір Шын Құдайға қалай ғибадат ету керек және Оның еркін орындау жайында ашты.

Құдайдың бұл ілімі басында ауыздан ауызға берілді, ал одан кейін Құдайдың бұйрығы бойынша Моисеймен және басқа да пайғамбарлармен киелі кітаптарға жазылды. Соңында, Құдайдың Өз Ұлы, Иисус Христос жерге келіп, адамдардға Құдай жайында не білу керек екенін толығымен ашты. Ол адамдарға ұлы сырды ашты, Құдайдың бір екенін, бірақ үш Жүзді екенін. Бірінші Жүз – Құдай Әке, екінші Жүз – Құдай Ұл, үшінші Жүз Құдай Киелі Рух.

Бұл үш Құдай емес, ал бір Құдай үш Жүзді, Бірмәністі және Бөлінбейтін Үшім. Үш Жүздің бірдей Құдайлық теңгілігі бар, олардың арасында үлкен кішісі жоқ; Құдай Әке шын Құдай болғандай, Ұлда шын Құдай, және Киелі Рух та шын Құдай.

Иисус Христос Ең Киелі Үшімнің құпиясын аша отырып, бізді тек Құдайға құлдық етуді ғана үйреткен жоқ, бірақ сонымен қатар Ең Киелі Үшімнің – Әке, Ұл және Киелі Рухтың Жүздері мәңгі бір-бірімен үздіксіз махаббатта болып, Өздерімен бір Тірі Ағзаны құрағандықтан, Құдайды жақсы көруді үйретті. Құдай бәріненде толықты Махаббат болып табылады.

Құдайдың Өзі жайында бізге ашқан ұлы құпиясы – Киелі Үшімнің құпиясын, біздің әлсіз ақылымыз түсіне алмайды.

Әулие Кирилл, славяндардың үйретушісі, Ең Киелі Үшімнің құпиясын былай түсіндіргісі келді: «Аспанда жарқыраған шеңберді көрдіңдер ме және одан жарық және жылулық шығатынын? Құдай Әке, күннің шеңбері сияқты, басталуы да, аяқталуы да жоқ. Одан мәңгі Құдай Ұлы туылады, күннен жарық төгілгендей; және күннен жарықпен бірге жылылық шыққандай, Киелі Рух шығады. Кімде болса күннің шеңберін, және жарығын, және жылылығын ажырата алады. Бірақ бұл үш күн емес, ал асандағы бір күн. Сол сияқты Киелі Үшім де: үш Жүзді, бір және бөлінбейтін Құдай».

Әулие Августин былай дейді: «Сен Үшімді, егер махаббатты көрсең, көресің». Бұл Ең Киелі Үшімнің құпиясын біздің әлсіз ақылымызбен емес, жүрегімізбен түсіне алатынымызды білдіреді.

Құдай Ұлы Иисус Христостың ілімі, Оның үйренушілерімен, Евангелие деп аталатын киелі кітапқа жазылды. «Евангелие» деген сөз, игі әлде ізгі хабар дегенді білдіреді. Ал барлық киелі кітаптар бір кітап болып жиналған, Библия деп аталады. Бұл грек сөзі, ал қазақша кітаптар дегенді білдіреді.

У вас есть вопрос? Свяжитесь с нами!

Контактная информация