0:00
/
0:00
Әулие Ұлы Василийдің 1-ші дұғасы
Әмірші Христос Құдай, ғасырлар Патшасы және барлығының Жаратушысы! Сенің ең таза және өмір беруші Құпияңды қабыл алу арқылы маған берген бар игілік үшін алғысымды айтамын Саған. Өтінемін Сеннен, мейірімді және адамсүйгіш, мені Өзіңнің үйіңнің және қанатыңның көлеңккесінің астына сақта және мені және менің демімнің соңына дейін таза ар-ұжданыммен Сенің құпияңды қабылдауға күнәларымның кешірілуіне және мәңгі өмірге қабылдауға тұрақтандыр. Өйткені Сен – өмірдің нанысың, қасиеттіліктің қайнар көзісің, игіліг беруші, және Саған даңқ береміз Әкемен және Киелі Рухпен, кәзір де және әр қашан да және ғасырдан ғасырға. Аумин.