Әмірші, Әлембилеуші, Киелі Құдай Иеміз, жазалайтын, бірақ өлтірмейтін, құлағандарды сүймелейтін және жығылғандарды көтеретін, адамдардың тәндік азаптарын жазатын, Саған Құдайымызға ауырған құлың (аты) үшін дұға айтамыз, Өзіңнің мейірімділігіңгі көрсетіп, оның еркімен және еркісіз істеген күнәларын кешір. Құдай Ие, Өзіңнің сауықтыратын күшіңді жібер, оның денесіне тиіп, ыстығын бас, азабын және жасырын азусыздықтарын тоқтат, құлыңа (аты) Дәрігері бол, төсегінде ауырып азап шегіп жатқан жерінен, Сенің Шіркеуіңе игі істерді және Сенің еркіңді орындау үшін сауықтырып тұрғыз.
Өйткені Сенің бізге мейірімділік көрсететін және құтқаратын билігің бар Құдайымыз, және Саған даңқ айтамыз, Әкеге және Ұлға және Киелі Рухқа, кәзір де және әр қашан және ғасырдан ғасырға. Аумин.