Әулие Иоанн Златоустының 3-ші дұғасы

0:00 / 0:00
Әулие Иоанн Златоустының 3-ші дұғасы

Ием Иисус Христос, Құдайым, босата түс, жібер, мейірім көрсет және кешір мені, күнәліні, жарамсыз және тұрақсыз құлыңды Сенің, менің барлық қателіктерімді, күнәларымды және жазықты болғандарымды менің Сенің алдыңда жастық шағымнан осы күнге, осы сағатқа дейін: саналы түрде әлде санасыз түрде, сөзіммен әлде ісіммен, әуестігіммен, ойларыммен, талпынысыммен және барлық сезімдеріммен. Және менің жалғыз нақты үмітім, қорғауым және құтқаруылуым, Сені тұқымсыз туған әр қашанда Қыз Сенің Анаң Марияның дұғасымен, Сенің ең таза, мәңгі, құтқаратын және қорқынышты Құпияңды қабылдауға лайықтандыр, өзіме кінәлік алмай, күнәларымның кешірілуімен және мәңгі өмірге, дәріптенуіме және жарықтаруыма, беріктенуге, жаным мен тәнімнің сауығуына, менің жаман ойларымның, сонымен қатар таза емес армандарымды, түнерген және зұлым рухтарды жойылуына және түгелдей құруына.

Өйткені Саған Патшалық және күш, және даңқ, және абырой, және тізе бүгулік жатады, Әкемен және Киелі Рухпен, кәзір де және әр қашан да және ғасырдан ғасырға.

Аумин.

У вас есть вопрос? Свяжитесь с нами!

Контактная информация