4-ші дұға әулие Иоанн Дамаскиндікі

0:00 / 0:00
4-ші дұға әулие Иоанн Дамаскиндікі

Сенің храмыңның қақпасының алдында тұрмын, сонда да жаман ойлар мені тастамайды.

Бірақ Сен Христос Құдай, салықшыны айыпсыз деп санадың, және хананеян әйеліне рақымшылық еттің, және қарақшыға жұмақтың есігін аштың, аш маған да адамсүйгіш жүрегіңді Сенің және қабыл ал мені, келіп Саған қолымды тигізгенді (жақындасқанды), зинақор жүргіш әйелді және қансыраған әйелді қайтармағаныңдай: ол әйел Сенің киміңнің бір шетіне ғана қолын тигізіп, оңай сауықтандырылды; басқасы, Сенің ең таза аяғыңды қүшақтап, өзінің кінәләріне кешірім алды.

Ал мен сорлы Сенің бүкіл тәніңді қабыл алуға батылдана, жанып кетпейін, бірақ қабыл ал мені, әлгі әйелдерді қабыл алғаныңдай, және ағарт сезімдерін жанымның менің, күнәлі істерімді менің өртей, – Сені ұрықсыз Туған Ананың және Аспан күштерінің өтінішімен, – өйткені Сен баталанғансың ғасырдан ғасырға.

Ауминь.

У вас есть вопрос? Свяжитесь с нами!

Контактная информация