1 Саған, Тәңірім, мен жанымды беремін. Құдайым! Мен саған үміт артамын, және ғасырлар бойы одан ұялмаймын және менің жауларым маған күлмейтін болады.
2 Себебі барлық Саған сенушілер ұялмайды.
3 Пайдасыз заңсыздық жасайтындардың барлығы ұялсын.
4 Жолыңды, Тәңірім, айта маған және Өз жолдарыңды үйрет маған.
5 Мені Өзіңнің шындық жолына бағытта және мені үйрет, өйткені Сен Құдайсың, Менің Құтқарушымсың, Мен саған күн сайын үміттендім.
6 Тәңірім, Өзіңнің жомарттығыңды және мейірімділігіңді есіңе ал, өйткені олар ғасырдан бері келеді.
7 Менің жастық шағымдағы күнәларды және менің білімсіздігіңді есіңе алма, Өз мейірімділігіңмен Сен Мені кешір, Тәңірім, Өзіңнің қайырымдылығыңмен.
8 Тәңірім игі және ақиқатты, сондықтан күнә жасағандарға Ол заң жолын көрсетеді.
9 Момындарды пайымдауда басқаратын болады, момындарды Өз жолына үйрететін болады.
10 Тәңіріміздің барлық жолдары — Оның өсиетін және Оның аяндары іздеушілер үшін мейірімділік пен шындық.
11 Сенің есімің үшін, Тәңірім, менің күнәларымды тазала, өйткені ол керемет.
12 Тәңірімізден қандай адам қорқады? Ол оған Өзіне лайықты жол үшін заң береді.
13 Оның жаны игіліктер арасында ашылады, ал оның тұқымы жерді мұра етеді.
14 Құдай – Одан қорқатындардың күші және Оның өсиеті (бұл) оларға көрсету.
15 Менің көздерім әрқашан Тәңірге (қарайды), өйткені Ол менің аяғымнан тұзақтарды жояды.
16 Маған жанашырлық жаса және мені кешір, себебі мен жалғызбын және жұпынымын.
17 Менің жүрегімнің қайғысы көбейді, менің бақытсыздықтарымнан мені алып кет.
18 Менің кішіпейілділігіме және әлсіреген түріме қарап, менің барлық күнәларымды қалдыр.
19 Менің жауларыма қара: олар қалай көбейді және (қалай) мені әділ емес өшпенділікпен жек көреді!
20 Менің жанымды сақта және мені құтқар, Саған сенгенім үшін мен ұялмайтын боламын.
21 Ақкөңілдер мен әділдер менімен бірікті, өйткені Мен саған сендім, Тәңірім.
22 Тәңірім Израилді оның барлық қайғыларынан құтқар.