0:00
0:00

Мәртебелі мейрамдар

10. Соңы. Давидтің псаломы

0:00 / 0:00
10. Соңы. Давидтің псаломы

1 Жаныма «тауларға ұш, құс сияқты?” – деп айтқанда, Мен Тәңірімізге үміт артамын.

2 Өйткені, міне, қараңғы уақытта таза жүректері барларды ату үшін күнәкарлар садақ тартып, қорамсаққа жебелерін дайындады.

3 Ал Сен не істедің, олар бәрін қиратты, ал әділ адам не істеді? Тәңіріміз Өзінің қасиетті ғибадатханасында:

4 Тәңіріміз – Оның тағы аспанда, Оның көздері кедей адамға қарайды, Оның қарашығы адам ұлдарын сынайды.

5 Тәңіріміз әділ және зұлым адамды сынайды, ал жалғандықты сүйетін адам өз жанын жек көреді.

6 Ол тұзақ құрушы күнәкарларға: от пен күкірт және дауыл рухын түсіреді – бұл олардың тостағандағы (қайғы) үлесі.

7 Себебі Тәңіріміз әділ және ақиқатты жақсы көреді, Оның жүзі тек ақиқатты көреді.