0:00
/
0:00
3. Өзінің ұлы Авессаломнан қашқан кездегі Давид псаломы
1 Тәңірім! Менің қудалаушыларым қалай көбейтілді!
2 Көбісі маған қарсы шығуда. Көбісі менің жаныма: «оның Құдайында ол құтқарыла алмайды», — дейді.
3 Бірақ Сен, Тәңірім, менің шапағатым, даңқым менің, және Сен менің басымды көтересің.
4 Мен Тәңіріме үн қаттым, және Ол мені Өзінің Әулие тауынан естіді.
5 Мен ұйықтап қалыппын, ұйықтадым да, және ояндым, өйткені Тәңіріміз мені қорғайды.
6 Маған шабуыл жасайтын көптеген адамдардан қорықпаймын.
7 Тәңірім, өлімнен тіріл! Мені құтқар, Құдайым! Себебі бекер маған қарсы шыққандардың барлығын жеңдің, күнәкарлардың тістерін сындырдың.
8 Құтқарылу Тәңірден және Сенің баталануың Сенің халқыңда.