0:00 / 0:00
Псалом 20

1 Давидтің псаломы

2 Тәңірім! патша сенің күшіңмен шаттанып, сенің құтқарылуыңа аса қуанышты болады.

3 Сен оған жүрегі қалағанын бердің, және оның аузымен сұрағанын одан айырмадың. Өйткені

4 Сен оны берекелі бата арқылы қарсы алдың: оның басына асыл тастардан жасалған тәжді кигіздің.

5 Ол Сеннен өмір сұрады, және Сен оған ғасырлар бойы ұзақ өмір сыйладың.

6 Сенің құтқарылуыңда оның даңқы үлкен: Сен оған даңқ пен ұлылықты сыйладың.

7 Өйткені оған ғасырлар бойы рақымшылық берсең, Өз жүзіңмен (келуіңмен) оны қуанышпен қуантатын боласың.

8 Өйткені, патша Тәңірімізге сенім артады және Жаратушымыздың рақымымен нық тұрады. Сенің қолың барлық жауларыңды тапсын,

9 Сенің оң қолың Сені жек көретіндердің бәрін тапсын. Сонда оларды от жағылған пешке Сенің жүзің (келгенде) қоясың:

10 Жаратқан Ие Өзінің қаһарымен оларды абыржу сезіміне орайды, сонда от оны өртеп жібереді.

11 Сен олардың жемісін түбірімен жоясың және олардың тұқымын адам ұлдарынан жоясың.

12 Өйткені олар Саған қарсы зұлымдық жасады, орындай алмайтын жаман ниеттер жасады.

13 Олардың жотасын дүркіретесің, (ал) қалған Өз (жебелеріңді) олардың жүзіне дайындайсың.

14 Тәңірім, Өз күшіңмен аспанға көтеріл, біз Сенің Күштеріңді даңқты етеміз және мадақтайтын боламыз.