0:00 / 0:00
Псалом 19

1 Соңы. Давидтің псаломы

2 Тәңіріміз сені бақытсыздық күні естісін, Иаков Құдай есімі сені қорғасын.

3 Ғибадатханадан саған көмек көрсетілсін және Сион көмегі сені қорғасын.

4 Сенің кез келген құрбаныңды еске түсірсін және сен өртеп құрбандық шалғандарың құнарлы болсын.

5 Құдайым сенің жүрегіндегі тілекті орындасын және сенің келген ниетіңді іске асырсын.

6 Біз сенің құтқарылуыңа және біздің Тәңіріміз Құдайдың атынан  қуанамыз. Тәңіріміз барлық сенің өтініштеріңді орындасын.

7 Енді мен өзінің нұры түскен адамын Жаратқан Иенің құтқарғанын білдім, оны Өзінің қасиетті аспанынан естідім: Оның құтқаратын оң қолы күшті.

8  Кейбіреулер күйме арбаларда, басқалары аттарда, ал біз Тәңіріміз Құдайдың есімін атап шақырамыз.

9 Олар сүрініп, құлады, ал біз тұрып, сауығып кеттік.

10 Тәңірім! Патшаны құтқар және Сені шақырған күні бізге құлақ сал.