0:00
/
0:00
13. Соңы. Давидтің псаломы
1 Өз жүрегінде ақылсыз адам: «Құдай жоқ» – деді. Олар азып-тозып кетті, істерінде жексұрындық жасай бастады: жақсылық жасаушы жоқ.
2 Тәңіріміз көктен Құдайды ұғынатын немесе іздейтін адам барма екенін білу үшін адам ұлдарына жаңашырлық жасаған.
3 Барлығы бас тартты, бәрі мүлдем жарамсыз болды, жақсылық жасаушы жоқ, біреуі де жоқ.
4 Менің халқымды нан жегендей жейтін барлық заңсыздық жасайтындар ақыл айта ма сонда? Олар Тәңірімізді шақырмады,
5 (Сондықтан) олар қорқыныш жоқ жерде қорқыныштан үрейленді, Өйткені Тәңіріміз — әділдер руында.
6 Кедейлердің кеңесін сендер масқараладыңдар, бірақ оның үміті – Тәңіріміз.
7 Сионнан Израилді кім құтқарады? Тәңіріміз
8 Өз халқын тұтқыннан қайтарған кезде, Иаков қуанатын болады және Израиль шаттанатын болады.