0:00
/
0:00
Псалом 12
1 Соңы. Давидтің псаломы
2 Қашанға дейін, Тәңірім, мені соңына дейін ұмытатын боласың? Қашанға дейін Өз жүзіңді маған қаратпайтын боласың?
3 Қашанға дейін мен жанымдағы ниеттерімді шығаратын боламын, күні мен түні жүрегімдегі қайғымды қашанға дейін шығарамын? Қашанға дейін менің жауым менің үстімнен дабырайып жүреді?
4 Тәңірім, Құдайым, жанашырлық жаса, тыңда мені, менің көзім аш, ажалдан ұйықтап қалмайын.
5 Жауым менің: «мен сені жеңдім!” деп айтпасын.
6 Мен әлсіреген кезде маған қысым көрсететіндер қуанатын болады. Мен Сенің мейірімдігіңе үміт арттым:
7 Сенің құтқаруыңа жүрегім менің қуанады, маған қайырымдық жасайтын Тәңірімді мадақтаймын және Тәңірімнің атынан ән атаймын.