Сенемін, Бір Дүние Ұстайтын Жалғыз Құдай Әкеге, аспан мен жерді, көзге көрінетін және көрінбейтінді Жаратушыға; және Бір.
Ие Иисус Христос Құдай Ұлына, (Әкеден) Біртуған, барлық ғасырдан бұрын Әкеден туған; Жарықтан Жарық, шын Құдайдан шын Құдай, Туылған, жаратылмаған, Әкемен бір мәністі, барлық нәрсе Ол арқылы пайда болған. Біздер адамдар үшін және біздің құтқарылуымыз үшін аспаннан (түсіп) келген, Киелі Тыннан және Мәриам Қыздан денеленіп адам болды. Біздер үшін Понтий Пилат уақытында Айқыш ағашқа керіліп шегеленіп, азапқа берілген, кәбірге салынған, үшінші күні Киелі жазбаларда (пайғамбарлар арқылы) айтылғандай тіріліп тұрды. Аспанға көтеріліп (Құдай) Әкенің оң жағында отыр. Тірілермен өлгендерді тағайындау үшін даңқымен қайта келеді, Оның Патшалығы шексіз.
Және Өмір беруші Киелі Рух Құдайға, Әкеден шығады, Әке және Ұлмен бірге табындасатұғын және бірге даңқталатын, пайғамбарларды сөйлеткен. Жалғыз Киелі Әлембіріктіретін және Апостолдық Шіркеуге; күнәнарды кешіру үшін бір шомыдыруды куәландырамын өлгендердің тағайындау күнінде тіріліп тұратынын және болашақтағы өмірді үміттене күтемін.
Аумин.