Таңертеңгілік дұғалар

0:00 / 0:00
Таңертеңгілік дұғалар / Молитвы утренние

Таңертең ұйқыдан тұрып, ештеңе батамай тұрып, аса құрметпен өзіңді бәрін Көретін Құдайдың алдында тұрғаныңды елестетіп, өзіңе кресті белгі салып, былай де:

Әкенің, және Ұлдың, және Киелі Рухтың атынан. Аумин.

Содан кейін сезімдеріңнің бәрі орнына келіп, ойларыңнан жергіліктінің бәрі кеткеннен кейін, асықпай, жүрегіңнің назарымен қалған қысқа дұғаларды тәжім етіп оқы.

Ием Иисус Христос Құдай Ұлы Сенің Анаңның және әулиелердің дұғаларымен бізді жарылқай гөр. Аумин.

Даңқ Саған Құдайымыз біздің, даңқ Саған.